Алжирде әскери ұшақ құлап, 100-ден астам адам зардап шекті

15:46, 11 сәуір 2018

Алжирде бортында 200-ден астам адамы бар әскери ұшақ құлады, деп хабарлайды Baq.kz.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ апатынан кем дегенде 150 адам қаза тапты.

Alg24 порталы Ил-78 ұшағы апатқа ұшырағанын жазады. Төтенше жағдай Блида қаласына жақын маңдағы ауыл шаруашылық аумағында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:00 кезінде болған.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем қызметі жіберіліп, жақын маңдағы жол қозғалысы тоқтатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!