Алматыда мектептер жанындағы 70-ге жуық футбол алаңы жаңғыртылады

11:48, 10 қыркүйек 2021

© Сурет: Алматы әкімдігі

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасының орындалуы жайын сөз етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Балаларды дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға баулимыз. Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 оқу жылдарында МЖӘ аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз, деп жазды Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса береді,


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!