Алина Кабаева нақсүйеріне егіз ұл тауып берді – БАҚ

14:57, 13 мамыр 2019

Олимпиада чемпионы, ресейлік танымал спортшы Алина Кабаева 7 мамырда Мәскеуде егіз екі ұл тапты, деп хабарлайды Рамблер.

Баспасөзден тым қатты тығылып өмір сүретін Алина Кабаева туралы алып-қашпа өсек-аяң әңгімелер жиі айтылады. Алты жыл бұрын Кабаева бір журналистке берген сұхбатында ешқашан бала тумағанын айтқан болатын.

"Егіз ұлдың салмағы, аты-жөні белгісіз. Кабаеваны ең мықты деген мамандар босандырып, жейтін тамағы аса қымбат мейрамханалардан жеткізіледі. Оның палатасының есігіне күзет қойылып, бөтен ешкімді кіргізбеген", – деп жазады dom2life басылымы.

Кабаеваның жақын-туыс, дос-жарандарының ешқайсысы бұл ақпаратты растауға әзірге батпай отыр. Алинаның жанындағы көмекшілердің бірі бұл туралы ештеңе айта алмайтынын жеткізген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!