Алепподағы терактіден қаза тапқандардың 70-ке жуығы – балалар

22:50, 16 сәуір 2017
356

Алеппо маңындағы Фуа және Кефрая қалаларында болған жойқын жарылыстан қаза тапқандардың 68-і балалар болған.

Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, терактіден қаза тапқандар саны 126 адамға жетті. Бұл туралы Human Rights құқық қорғау ұйымының Сирия бойынша бөлімі хабарлайды.

Жалпы бейбіт тұрғындарды көшіру Сирия үкіметі мен содырлар арасындағы келісімге сәйкес жүргізілген. Сол себепті қаза тапқандар арасында қайырымдылық ұйымдарының өкілдерімен қатар оппозициялық қарулы күштердің адамдары да болған.

Agence France-Presse

Аударған: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!