«Алдап шақырып, өлтірген». Атастырған жігітіне тимей қойған қызды әке-шешесі аямады

12:35, 8 қаңтар 2021

Түркияда татуласу шәйіне қыз үйіне барған жас жұбайлар зорлық-зомбылыққа ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Daily Mail-дің хабарлауынша, Байрамозу ауылында 24 жастағы бойжеткенді туған-туыстары діни жоралғы жолымен аттастырған жігітке үйлендірмек болған. Жігіт қыздың отбасына алыс туысқаны да болып келеді. Алайда, жеме-жемге келгенде, қыз сүйіктісімен бірге қашып кеткен.

Ерлі-зайыптылар Жаңа жылдық кеште қалада бой көрсетеді. Сол кезде оларды жолықтырған туысы қызды әке-шешесі кешіргенін айтып, үйге татуласу шәйіне шақырады. Ал үйге келгенде қос жүп зорлық-зомбылыққа ұшырап, пышақталып, қайтыс болады. Жігіттің зорланғаны да айтылады. Олардың денесі ауыл сыртына жерленгені белгілі болды.

Полиция қыздың туыстарын ұстады, олар өз жасаған әрекеттерін мойындап, мәйітті қайда жасырғанына дейін айтқан.

Мәйіт табылғаннан кейін қыздың әкесі, ағасы, қызды күштеп үйлендірмек болған немере ағасы және осы қылмысқа қатысты тағы екі туысы қамауға алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!