Алабай көшеде келе жатқан оқушыға тап берді

09:10, 26 сәуір 2019

Красноярск өлкесінің Иланский қаласында алабай оқушыға тап берді. Оқиға көліктегі бейне камераға жазылған. Оқушыны алабайдан жергілікті тұрғындар аман алып қалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, ит бұған дейін де адамға бас салған. Куәгерлерінің бірі жазбада оқиға толық көрсетілмегенін айтты. Тұрғындар алабайдың қожайынымен дауласыпты. Ол итінің адамдарға тап беретінін мойындамаған.

"Ит баланы қауып алды. Әлі есімді жия алмай отырмын. Күйеуім де шошыды", - деді куәгерлердің бірі.

Әйел оқушының ата-әжесімен тұратынын айтты. Баланың қаншалықты зардап шеккені белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!