АҚШ видеоқоңырау кезінде бала анасын атып өлтірді

16:01, 14 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

АҚШ-та Zoom платформасында сөйлесіп отырған анасын баласы атып өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Флорида штатында болды.

Бала әкесінің мылтығын рюкзактан алған. Қайғылы оқиға куәгері қоңырау кезінде баланы видеодан анасының артынан көргенін айтты. Шамалы уақыттан соң ол қатты шуды естиді, кәмелетке толмаған Шамайдың анасы Линн құлап түсіп, қайта тұрмаған, - деп хабарлайды Breaking 911.

Полицияның мәліметінше, әйел басынан ауыр жарақат алған. Келген жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқара алмады.

Баланың 22 жастағы әкесі Вондра Авериге атыс қаруы қауіпсіздігін сақтамағаны үшін айып тағылған.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!