АҚШ Укранинаға әскери көмек ретінде 250 млн доллар бөлмекші

11:55, 4 желтоқсан 2020

2021 жылы АҚШ-тың қорғаныс бюджетінен Украинаға әскери көмекке деп 250 миллион доллар бөлінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Конгрестің қос палатасы мақұлдаған АҚШ қорғаныс бюджетінің жобасында 2021 жылы Украинаға 250 миллион доллар көлемінде әскери көмек беру жайы да қамтылған, делінген заң жобасының түсіндірме құжатында.

Онда АҚШ Сенаты 75 миллион долларды жойғыш қаруға жұмсауды талап еткені де атап көрсетілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!