АҚШ-тың сыртқы істер комитеті Навальныйды босатуды талап етті

14:30, 2 ақпан 2021
2224

АҚШ Сенатының Өкілдер палатасындағы сыртқы істер бойынша комитет төрағасы Грегори Микс пен республикашыл-сенатор Майкл Маккол Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Екі саясаткер оппозиционер Алексей Навальныйды және акциялар кезінде қамалған мыңдаған адамды тез арада босатуды талап етіп, журналистердің қамалуын сынға алды.

Микс пен Макколдың мәлімдемесінде "Путиннің режимі арсыз коррупциясы үшін жауапкершілікке тартылу керектігі" жазылған.

2 ақпанда Мәскеуде "Ив Роше" деп аталған бұрынғы іс бойынша Алексей Навальныйдың шартты жазасын абақтыда өткізу жазасымен алмастыру мәселесі қаралады. 2014 жылы "Ив Роше" ісі бойынша саясаткерге шартты жаза берілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!