АҚШ-тың болашақ ықтимал президенті Джо Байден жарақат алды

10:43, 30 қараша 2020
805

АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеген Джо Байден аяғын сындырып алған. Мұны өзі түскен томография нәтижесі растады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы Байденнің журналистік пулы хабарлайды.

АҚШ-тың болашақ ықтимал президенті Джо Байден Мейджор (ағыл - Майор немесе Бастық) есімді итімен ойнап, жарақат алған.

Компьютерлік томография аяғының шыбық сүйегінде шытынаған сызық барын растады, - дейді дәрігер сөзін жеткізген журналистер.

Сондай-ақ Байденнің енді бірнеше апта бойы арнайы етікпен жүруге мәжбүр болуы мүмкін екендігі де айтылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!