АҚШ Таяу Шығысқа мыңдаған әскерін «лақтырып» жатыр

10:41, 5 қаңтар 2020

АҚШ Форт Брэгте (Солтүстік Каролина) орналасқан 82-ші десанттық дивизияның 4 мыңнан астам әскерін Кувейтке "лақтырады", деп хабарлайды ТАСС.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл бөлім Ирактағы Ислам Революциялық Сақшылар корпусының (әл-Кудс) арнайы күштерінің (КСИР, Иран Қарулы Күштерінің элиталық бөлімшелері) қолбасшысы Касем Сулейманиге жасалған қастандықтан соң Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскерін күшейту үшін жіберілген.

Aгенттік АҚШ-тың 82-ші десанттық дивизиясының ресми өкілі подполковник Майк Бернске сілтеме жасап, осы аптада Кувейтке 700-ге жуық әскер жіберілгенін, келесі кезекте тағы 3500 американдық десантшылар тұрғанын жеткізді. Оларды бірнеше күннен кейін "лақтырады" деп күтілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!