АҚШ-тан біржола кеткісі келетін америкалықтардың үлесі 16 пайызға жетті
Гэллап институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-тан кеткісі келетін америкалықтардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2017-2018 жылдары америкалықтардың 16% тұрғылықты мекенін ауыстыру үшін басқа елге кеткісі келетінін білдірген. Дегенмен, бұл - әлемдік стандарттармен салыстырмалы түрде алғанда, орташа көрсеткіш.
Елден біржола кеткісі келетіндердің ішінде әйелдер жағы басым, олардың 20% осындай ниет танытқан. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 13% айналасында. Жас ерекшеліктері жағынан алғанда, 30 жасқа толмағандардың 30%-ы, сондай-ақ табысы аз америкалықтардың да шамамен үштен бірі (30%) басқа елден бақыт іздегісі келеді.
Сауалнама нәтижесіне қарағанда, Канадаға көз тіккен америкалықтардың саны бұрынғысынан да артып келеді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 12% болса, 2018 жылы Америкадан кеткісі келетіндердің 26%-ын солтүстіктегі көршісі қызықтыра бастаған.
Айта кетейік, өзге елге кетуді қалайтындардың саны, нақты жоспар құра бастағандарға қарағанда әлдеқайда көп.
Бір сөзбен айтқанда, америкалықтар жаппай шекара асып, Канадаға кетеді деуге болмайды. Айта кетейік, сауалнама телефон сұхбаты арқылы жүргізілген, оған АҚШ-тың 15 жастан асқан 1000 азаматы қатысқан.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады