АҚШ таққан айыпқа қатысты Ресей жауап берді

15:37, 1 маусым 2020

Ресейдің АҚШ-тағы толқуларға еш қатысы жоқ. Бұл туралы Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Михаил Ульянов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

"Біз күткендей, америкалық бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ штаттарындағы жаппай тәртіпсіздіктер Ресейдің қатысуынсыз (...) болуы мүмкін емес деп болжай бастады. Олар өз проблемасының түпкі себептерін зерттеудің орнына "кінәліні" сырттан іздей бастады", - деп атап өтті дипломат.

Ульяновтың айтуынша, "Мәскеудің қатысы бар" деген айып, тіпті ақылға сыймайды, ал осындай сөзді тудырушылар орыстарды құбыжық етіп көрсетіп, елдің миын айналдырумен айналысқанды жөн көреді.

Ресейдің тұрақты өкілі осылайша Барак Обама әкімшілігінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Сьюзан Райстың айыптауларына жауап берді. Ол бұған дейін АҚШ-тағы тәртіпсіздіктердің артында Ресей тұруы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ресейліктер наразылық білдірушілердің екі жағын да әлеуметтік желілер арқылы қолдап, қоздырған. Ал ол бұл сөзіне ешбір дәлел келтірмеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!