АҚШ-та университет маңында атыс болды

13:10, 15 қазан 2017
421

Питерсберг қаласында орналасқан Вирджиния штаты университетінің кампусы аумағында сенбі күні болған атыс салдарынан кем дегенде бір адам жарақат алды.

Бұл туралы CBS телекомпаниясы хабарлады. Телеарнаның дерегі бойынша, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оның алған жарақаты өміріне қауіп төндіріп тұр. Оқ атқан адам, болжам бойынша, қара нәсілді жас жігіт. Оның не себепті оқ атқаны және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Университет аумағы қоршауға алынған, онда полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің тұтқындалғаны хабарланбады, деп жазады inform.kz.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!