АҚШ-та шіркеуде болған атыстан 26 адам қаза тапты

12:34, 6 қараша 2017
373

АҚШ-тың Техас штатындағы баптистік шіркеулердің бірінде қарулы ер адам оқ жаудырды, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 26 адам қаза тапқан. Ондаған адам жарақат алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқ атқан адам бұрын АҚШ әскери әуе күштерінде қызмет еткен Дэвин Патрик Келли болуы мүмкін. Күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғаны әлі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Хабар

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!