АҚШ-та коронавирус мысыққа жұқты

10:05, 23 сәуір 2020

Нью-Йорк штатында екі үй жануарынан алынған тест оң нәтиже көрсетті. Мұндай жағдай АҚШ-та тұңғыш рет болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Белгілері тұмауға ұқсас ауруға шалдыққан екі мысық коронавирусты адамнан жұқтырған болуы мүмкін.

Доктор Кейси Бартон Бейравиш үйінде жануар ұстайтындарды сабырлық сақтап, ит-мысығын тестілеуге апармауға шақырды.

- Адамдар өз үйіндегі үй жануарларынан қорықпасын. Вирустың жануардан адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ, - деді ол.

Әйтсе де дәрігерлер үй жануарларын мүмкіндігінше үйде ұстап, олардың басқа жануарлар немесе адамдармен қатынасын шектеуге кеңес береді.

Бұған дейін коронавирустық инфекцияны Бронкс (Нью-Йорк) хайуанаттар бағында ұрғашы арыстан жұқтырған болатын. Бұл арыстан коронавирус жұқтырған әлемдегі тұңғыш жағдай болды және АҚШ-та вирустың жануарға жұғуының алғашқы жағдайы болған. Төрт жасар арыстан Надия коронавирусты зообақ қызметкерінен жұқтырған болуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!