АҚШ-та қатты құйынның нәтижесінде 10 адам қаза тапты

09:58, 4 наурыз 2019

Американың Алабама штатының Ли округінде болған торнадоның нәтижесінде кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Шерифтің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандардың қатарында 8 жасар бала да бар екен.

Телеарна таратқан мәліметке сәйкес, қатты құйынның салдарынан 10 мыңнан аса адам электр қуатынсыз қалған.

Бүгінгі күні штатта дабылды ескерту әлі де сақталуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!