АҚШ-та екпе салдырған дәрігер қайтыс болды
АҚШ дәрігері Григорий Майкл коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын алғаннан кейін қайтыс болды. Бұл қаралы хабарды дәрігердің әйелі Хайди Некельманн жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz URA.RU-ға сілтеме жасап.
Менің ойымша, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты, - деп келтіреді Daily Mail басылымы Некельманның сөзін.
Оның айтуынша, күйеуінің өлімін басқалай еш түсіндіруге келмейді. Өйткені ол салауатты өмір салтын ұстанған, жаман әдеттері болмаған және спирттік ішімдік ішсе де оны сирек тұтынады екен. Аурухана дәрігердің денсаулығын тексеріп, бәрі жақсы болғанын растады.
Вакцинациядан кейін ер адамның тері астынан қан кеткені атап өтілді. Оның ағзасы тромбоциттерді жойды, соның салдарынан миына қан құйылды. Дәрігер 3 қаңтарда қайтыс болды. Pfizer мамандары Майклға не болғанын зерттеп жатыр.
Бұған дейін Норвегияда үш науқас вакцинациядан кейін қайтыс болды деп хабарланған болатын. Норвегия билігі бұл өлімнің вакцинаға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады