АҚШ-та Әблязовтың басты сыбайласы ұсталды

14:52, 13 қаңтар 2020

Қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың басты сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz eureporter.co-ға сілтеме жасап.

Басылым Вашингтон қаласы маңында жүрген кезінде тәртіп сақшылары оның ізіне түскенін хабарлайды.

"БТА банктің қаражатын жымқырды" деп айыпталған Мұхтар Әблязов бұл ретте бір топ серіктестері мен сыбайластарының көмегіне жүгінген. Солардың бірі Александр Удовенко болған еді.

"Ол Eastbridge Capital компаниясының директоры болған және 2009 жылы жоғалып кеткенге дейін Әблязовтың жанында үнемі жүрген ең жақын серіктестерінің бірі. Болжам бойынша, ол заңсыз пайдаланылған банк қаражаттын оффшорлық компаниялардың есепшоттарына аударуды ұйымдастырған және кейбір холдингтік компаниялардың номиналды "бенефициарлық меншік иесі" болған", - делінеді банк хабарламасында.

Басылымның мәліметінше, Удовенко сотта өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып, өзін "саяси науқанның" құрбаны екенін мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!