АҚШ-та дауыл келтірген шығын 290 млрд долларды құрады

13:09, 12 қыркүйек 2017

АҚШ-та ойран салған «Ирма» және «Харви» дауылының шығыны 290 млрд доллар шамасында.

«Ирма» ең ауқымды аймақты қамтыған дауыл ретінде тарихта қалмақ. АҚШ пен Кариб бассейні елдерінде табиғи апаттан кем дегенде 40 адам қаза тапты. Флорида штатының 6,5 млн тұрғын жарықсыз қалды. Штаттың ең үлкен шаһары Майамиді түгелдей дерлік су басты. Бүгін дауыл Алабамаға жетуі мүмкін.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!