АҚШ-та бойжеткен 60 метрлік шыңнан құлап, тірі қалды

10:26, 17 шілде 2018

Ол өзін тауып алғанша бір апта бойы тау етегінде болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен 60 метрлік биіктіктен көлігімен қоса құлап кеткен. Көлік апаты болғаннан кейін бір апта өткенде оны тау етегінен тауып алған.

Анықталғандай, америкалық ару көлігімен Портлендтен Лос-Анджелеске әпкесінің үйіне қонаққа бара жатқан. Калифорнияда жол бойында келе жатқанда алдынан жануар шығады. Амалы қалмаған ол кенеттен рөлді бұрып, көлік жолдан шығып кетеді де, шыңнан құзға қарай құлдилай құлайды.

Оны бір аптадан кейін көлік құлаған Биг-Сур ауданынан туристер тауып алған. Қыз бұзылып қалған көліктің радиаторынан су ішіп, тірі қалғанмен, иығына айтарлықтай зақым келген.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, қыздың періштесі қаққан, өйткені мұндай биіктіктен құлаған адам не жарақат алу салдарынан не теңізге батып көз жұмады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!