АҚШ-та бойға жиналған ашуды шығаратын жаңа ойын түрі пайда болды

11:02, 11 қазан 2018
51

АҚШ-тың Калифорния штатында серфинг пен скейтбордтан басқа тағы бір сауықтың түрі кең тарала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – балтаны нысанаға лақтырып, қадау ойыны. Жаңа ермек агрессивті болып саналғанымен, өңірде тез танымалдыққа ие болуда. Мамандар «оған қазіргі сандық өмір мен аса қарқынды қалалық тіршіліктің әсері себеп болса керек», - дейді. Адамдар содан бір уақыт дем алып, тынығуды қалайды екен. Ал мұндай тирге бір рет кіріп, өзін ежелгі жауынгер ретінде сезіну 40 доллар тұрады. Бір сеанс 2 сағатқа созылады. Бірақ тәртіп қатаң. Бұл жерде спиртті ішімдік ішуге тыйым салынады.

– Менің ойымша, адамдардың бұл ермекке қызығушылығы оның тұрпайылығында. Өйткені ол барлығына қолжетімді. Бізге әйелдер де келіп тұрады. Мұны бойға жиналған ашуды шығарудың бір жолы десе де болады. Сондықтан болар, менен нысанаға суретті іліп қоюға болмай ма деп жиі сұрайды, - деді LA AX менеджері Карли Шалом.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Хотите пропустить важные события? Не подписывайтесь на наш Telegram-канал.


Пікір