АҚШ саясаткерлері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

14:04, 22 наурыз 2017
539

Әз Наурыз – түркі жұртына ортақ мейрам. Табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келетін ұлық мерекеге өзге елдердің де саясаткерлері тілек айтысып, өз лебіздерін білдіріп жатыр.

Күн мен түн теңелетін тамаша мерекемен Қазақстан халқын АҚШ саясаткерлері құттықтады. 

Дэн Роземблюм, Орталық Азия бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары:

-Ең алдымен Қазақстанның барша азаматтарын мерекемен құттықтаймын. Наурыз құтты болсын! Әр отбасыға ашық аспан тілеймін. Елшіліктің қонағы ретінде шақырып, достық қарым-қатынасты нығайтып жатқанына дән ризамын. Біздің мемлекеттер арасында да осындай жылы шырайлы қатынас бар. Осы достығымыз одан әрі жалғасын тапсын деп тілейміз.

Дэн Бартон, 1983-2003 ж.ж. АҚШ Конгресінің мүшесі:

-Мен барша қазақстандықтарда Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Екі рет Астана қаласында болдым. Байқағаным, халқы қарапайым және қонақжай. Сондықтан да үнемі сіздердің елдеріңізге барғым келіп тұрады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!