АҚШ пен Куба екі ел арасындағы көші-қон мәселелерін реттей бастады

11:38, 13 қаңтар 2017
491

АҚШ Президенті Барак Обама визасыз штат территориясына кірген Куба азаматтарына мекендеуге берілетін рұқсат қағазын бермейтін болды.

Кубалық эмигранттарға қатысты шешім күшіне еніп үлгерді.

Енді АҚШ территориясына аяқ басқан әрбір кубалық азамат заңдастыру құқығына ие болады. Ал жағалау күзеті ұстаған эмигранттар қайтадан Кубаға қарай жіберілетін болады. Негізі мұндай ереже 1995 жылы Билл Клинтонның кезінде қабылданған болатын. 

Жалпы Куба аралы мен Флорида штаты жағалауының арасы 145 шақырым ғана. 

Бұрынғы саясаттың күшін жою Вашингтон мен Гавананың ұзақ уақыт жүргізген келіссөздерінің арқасында болып отыр. Ал Куба билігі Ақ үйдің қабылдаған шешімін қолдап отыр. 

Айта кетейік, 20 қаңтар күні өз қызметінен кететін Барак Обама екі ел арасындағы жағдайды жақсарту үшін көп күшін салды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!