АҚШ Навальный үшін Ресейге қарсы тағы санкция енгізбек

11:48, 21 маусым 2021

© Сурет: interfax.ru

Ресми Вашингтон ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейге қарсы бағытталған санкциялардың жаңа пакетін дайындап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Біз бұған дейін Алексей Навальныйды уландырғаны үшін Ресейге қарсы санкциялар енгізген едік. Енді тағы да басқа санкциялар пакетін дайындап жатырмыз, – деді Салливан.

Салливанның айтуынша, АҚШ президенті Джо Байден бірқатар аспекті бойынша Ресейге қарсы шектеулерді енгізуді жеңілдететін жарлыққа қол қойған. 2 ақпанда Мәскеудің Симоновский соты Навальныйдың шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырған еді. Оппозиционер "Ив Роше" ісі бойынша айыпты болып шықты. Навальный шартты үкімнен кейін 60 мәрте қоғамдық тәртіпті бұзды деп танылды. Енді ол колонияда 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!