АҚШ «ЭКСПО-2023» көрмесін өткізуді қалайды

08:16, 19 маусым 2017
379

Астана ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі АҚШ павильонын ұйымдастырушылар Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыта түсуге мүдделі екенін айтады.

Америкада ЕХРО соңғы рет 1984 жылы өткен екен. Одан бері отыз жылдан асты. Алайда АҚШ 2001 жылдан бері халықаралық көрмелер бюросының ресми мүшесі емес. Қазақ еліндегі ЕХРО 2017 көрмесі халықаралық жобаға қатысуға мүмкіндік берген маңызды шара саналып отыр. Қазір АҚШ тарапы 2023 жылғы ЕХРО-ны қабылдау мақсатында сайлау науқанына дайындық жасай бастады.

Марджери Краус, Америка павильоны кеңесінің мүшесі:

– Қазақстан мен АҚШ-тың көптеген мамандарының күшімен ЕХРО 2017 көрмесінде Америка павильоны ашылды. Біздерге адамдар көп келеді. Бұл екі ел арасындағы достықтың көрінісі дер едім. Арадағы ықпалдастық арта беретініне сенімдімін. Тіпті екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая түсетіні анық.

Томас Файерсон, Baker & McKenzie компаниясының өкілі:

– Біздер АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды құптаймыз. ЕХРО 2017 көрмесі Қазақстанды америкалық инвесторларға жақындата түседі деген ойдамыз. Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынас орнату екі жаққа да тиімді дер едім. Және байланыстың жандана түсеріне сенім мол.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!