АҚШ Covid-19-ға қарсы вакцинаны өз халқына тегін таратады

10:21, 10 қараша 2020
559

АҚШ билігі Covid-19-ға қарсы вакцинаны барлық азаматтар үшін тегін таратуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Америкалық Pfizer және немістің BioNTech компаниялары бірлесіп әзірлеген болашақ вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақтар 90%-дан асып түскен.

АҚШ бұл вакцинаны тіркетуге осы қараша айында-ақ өтініш бермек.

"Вакцина Американың барлық тұрғындары үшін тегін болады. Көптеген елдер өз халқына тегін тарататын шығар, деп ойлаймын", - деді Pfizer компаниясының басшысы Альберт Бурла "The Hill" басылымына.


Қазақстанда тегін вакцинаға тек 2,8 млн адам ғана үміттене алады, қалған халыққа ақшасын дайындай беру керек. Қазақстанда "вакцинаның бағасы 5 мың теңгеден аспайды" деген жоспар құрылып қойған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!