АҚШ бес жастан асқан балаларға вакцина салуды бастады

21:43, 9 қараша 2021
1021

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

АҚШ-та бес жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады, деп хабарлайды Zakon.kz

РБК басылымы 8 қарашадан бастап АҚШ-та бес жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-BioNTech вакцинасы салынып жатқанын хабарлады.

АҚШ билігі 28 миллион баланы вакцинамен қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді. Балаларға вакцина екі дозада бөлініп, салынады. Екінші мөлшері үш аптадан кейін егіледі.

12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer және BioNTech вакцинасы биыл мамыр айында мақұлданды.

3 қарашада АҚШ індетті бақылау және алдын алу орталығы (CDC) бес жастан 11 жасқа дейінгі балаларға Pfizer-BioNTech вакцинасын қолдануды ресми түрде мақұлдаған болатын. Балаларды вакциналау арқылы елдегі коронавирустың таралуын 2021 жылдың 8 қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8%-ға төмендету жүзеге асырылады деп болжанып отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!