АҚШ Ауғанстанға қосымша әскер жібереді

12:36, 19 қыркүйек 2017
269

АҚШ Ауғанстанға қосымша 3 мыңнан астам әскер жібереді.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мәлімдеді. Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы терроризмді тоқтату үшін америкалық әскерлердің өкілеттілігін кеңейту керек деп мәлімдеген. Пентагонның мәлімдеуінше, қазіргі таңда Ауғанстанда АҚШ-тың 11 мың сарбазы бар. Айта кетейік, АҚШ Ауғанстандағы әскери операцияны 2001 жылдан бері жүргізіп келеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!