АҚШ артқа шегінбейді – Байден Қытаймен қырғи-қабақ соғыс туралы

11:11, 22 қазан 2021
367

© Сурет: twitter/WhiteHouse

АҚШ президенті Джо Байден Қытаймен қырғи-қабақ соғысқа ұмтылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС жазғандай, ол бұл туралы бейсенбіде Балтимор қаласында (Мэриленд) жұртшылықпен кездесуде мәлімдеді.

Мен басқа ел басшыларымен салыстырғанда Си Цзиньпинмен көп сөйлестім және онымен көп уақыт өткіздім (ҚХР Төрағасымен келіссөздерде). Ел-жұрт Байден Қытаймен жаңа қырғи-қабақ соғыс бастағысы келеді деседі. Мен Қытаймен қырғи-қабақ соғысты қаламаймын. Мен Қытайдың біздің артқа шегінбейтінімізді, көзқарастарымызды өзгертпейтінімізді түсінгенін қалаймын, деді Байден.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!