Айтматовтың кітабы бойынша Шыңғысхан туралы фильм түсіріледі

09:56, 3 маусым 2019
833

Кино режиссері Эмир Кустурица Шыңғысхан туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Шыңғысхан туралы фильм түсіру жоспарым бар. Ол кісіні Батыс та, Ресей жері де жақсы көрген емес. Бірақ оның қандай адам болғаны туралы үлкен фильм түсірмекпін", – деді Кустурица журналистерге Железноводскіде өткен "Герой и время" кинофестивалі аясында.

Оның сөзінше, фильм Шыңғыс Айтматовтың кітабы бойынша түсіріледі.

"Менде Шыңғыс Айиматовтың бір керемет кітабы бар, фильм келесі фестивальге дейін дайын болады деп ойлаймын", – деп атап өтті режиссер.

Кустурицаның айтуынша, көріністердің бірі Кавказда түсірілуі мүмкін.

"Фильмде бір көрініс бар, онда Шыңғысхан өзенге келіп, одан өту үшін мұздың қатқанын күтуге мәжбүр болады. Қазір ол жерін Кавказда немесе Сібірде түсірем бе деп ойлап отырмын", – деп қосты ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!