Air Berlin әуекомпаниясы банкротқа ұшырады

19:20, 16 тамыз 2017

Пхеньянның әрекеті көршілерін алаңдатуда.

Жапония сақтық шараларын күшейтіп, шұғыл дабыл қағу жүйесін қолданумен оқу-жаттығулар өткізеді. Шара Солтүстік Корея жасауы мүмкін зымыран соққысынан қорғану мақсатында елдегі 9 префектурада ұйымдастырылады.

БҰҰ: Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімнің тоқтауына жол бермеу керек

Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісім – бейбітшілік жолындағы ең маңызды жетістіктің бірі. «Халықаралық қауымдастық оны сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті қолдануы керек», – деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик. Оның алдында Иран президенті Хасан Рухани АҚШ Ислам Республикасына қарсы жаңа санкциялар енгізсе, Тегеран ядролық келісімнен бас тартатындығын мәлімдеді.

Германияның Air Berlin әуекомпаниясы банкротқа ұшырады

Air Berlin банкроттыққа ұшырады. Неміс әуекомпаниясы бірнеше жыл бұрын қаржылық қиындықтарға тап болған. Өткен жылы компания шығыны 780 млн еуро болды. Елдегі кәсіподақ ұйымының хабарлауынша, қазір құрылымдық бөлімшелерді сату жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Германия үкіметі 150 млн еуро несие бермек. Air Berlin қызметкерлер саны 8 мыңнан асқан, көлемі жағынан Германиядағы екінші орындағы әуетасымалдаушы болған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!