2024-2028 жылдары Олимпиада ойындары Париж және Лос-Анджелесте өтеді

09:25, 14 қыркүйек 2017
446

2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анджелесте өтеді.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің Лимада өтіп жатқан 131-ші сессиясында жария етілді. 2024-ші жылғы Олимпиаданы қабылдауға Гамбург, Будапешт, Рим қалалары да таласты. Дегенмен соңғы тізімге Париж бен Лос-Анджелес енді. Айта кетейік, халықаралық ұйымның бірден екі шаһарды таңдауы – сирек кездесетін жағдай. Бұған дейін қос қала Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне екі мәрте ие болған. Алдын ала есептеулер бойынша 2024 жылы Парижде спорттық шараны өткізу үшін 7 миллиард еуроға жуық қаражат жұмсалады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!