17 жастағы волейболшы қызды зорлау: 11 полицей түрлі жазаға тартылды

09:17, 24 қыркүйек 2019
856

Биыл 25 тамызда Краснодар өңірінің Анапа қаласы маңындағы Витязево поселкесінде болған сұмдық жағдай Ресейді дүрліктірген.

Полиция қызметкерлері 17 жастағы волейболшы қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Сол оқиғадан кейін 11 полиция қызметкері түрлі жазаларға тартылды.

ТАСС хабарлағандай, үлкен шу тудырған оқиға қылмысқа күдікті екі қызметкердің жұмыстан шығарылуына әкелді. Сондай-ақ теріс себептермен патрульдік қызметтің тағы төрт қызметкері қызметінен босатылды. Анапа полициясының бастығы және оның қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. Анапа полициясы бастығының тағы бір орынбасары сөгіс алып, Краснодар өлкесі бойынша ІІМ басқармасының басшылығындағы екі қызметкер қатаң сөгіс алды.

Ал қылмысқа тікелей қатысы бар делінген екі күдікті әлі қамауда отыр, тергеу жалғасуда.

Видеоға түсірген. 17 жастағы волейболшы қызды үш полицей зорлады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!