13 жастағы қызды зорлаған ерлі-зайыпты педофилдер 100 жылға сотталды

16:28, 12 қыркүйек 2018
357

Луизиана штатының Ама қаласының тұрғындары Меган және Эрик Бург жас қызға сексуальды зорлық көрсеткені үшін 100 жылға сотталды. Эрикке 60 жыл берілді, ал оның жұбайы 40 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz.

28 жастағы Эрик Бург пен 25 жастағы әйелі Меган он үш жасар қызды айуандықпен зорлағандарын мойындады. Ерлі зайыптылар жасаған қылмыстың жантүршігерлігі сондай прокурор сот барысында істі егжей-тегжейлі баяндаудан бас тартты. Белгілі болғандай зорлық екі рет 2014 пен 2017 жылдары жасалғаны айтылды, алайда сотталушылар оның бірін ғана мойындаған.

Сот қылмыскерлерді уақытынан бұрын шығу құқығынсыз 60 және 40 жылға бас бостандығынан айырды. Прокурор Джол Т. Чейссон олар қылмысты мойындағандықтан осындай жеңіл жазаға кесіліп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ерлі зайыптылар өмір бойы сексуальдық қылмыскерлер тізіміне енеді. Олар түрмеден шықса да айналасы олар жасаған қылмысы жайлы білетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!