16 жастағы қызбен төсектес болған спортшы секс-фотосын достарына жіберді

11:37, 10 сәуір 2019

Солтүстік Ирландияның "Клифтонвилл" клубының футболшысы Джей Доннелли үш айға түрмеге қамалды. Бұл туралы The Irish Sun басылымы хабарлайды.

Жағдай былай болған. 2016 жылдың маусымында Доннелли 16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Жыныстық қатынас кезінде футболшы бірнеше анайы сурет түсіріп, оны өз достарына WhatsApp арқылы жолдаған. Ақыр соңында ол суреттер әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

Доннелли ісін қараған судьяның сөзінше, суреттердің интернетте пайда болуы қыз үшін ауыр соққы болды. Футболшы небәрі үш айға бас бостандығынан айырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!