14 жастағы қыз босанып, күдікті ретінде әкесі ұсталды

16:54, 3 қыркүйек 2019

29 тамызда Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданында 14 жастағы жеткіншек босанды, деп хабарлайды Zakon.kz centralasian.org жобасына сілтеме жасап.

29 тамызда Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданында 14 жастағы жеткіншек босанды деп хабарлайды облыстық милиция баспасөз хатшысы Нұргүл Нүсіпова.

Қызды зорлаған күдікті ретінде 53 жастағы туған әкесі ұсталған.

"Қазір сәби басқа отбасына берілді. Ешкім арыз бермеді. Бірақ бұл арнайы шара кезінде белгілі болды. Қыздың ата-анасы мен дәрігерлер ісіне тергеу ісінің қорытындысы баға береді", - деді Нүсіпова.

Шу облыстық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, 14 жастағы қыз үйінің үлкені. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Отбасында одан бөлек екі ұл, екі қыз бар.

Қырғызстанда құқық қорғаушылар кәмелетке жасы жетпеген жеткіншектерді зорлағандар жазасыз қалады деп дабыл қағып келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!