35 жастағы қырғыз жігіті 16 жастағы қызды алып қашып, арты дауға айналды

08:43, 8 қазан 2019

Қырғызстанның Талас өңірінде қыз алып қашу бойынша әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатыр.

Бұл жөнінде Талас облыстық милициясы хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Милицияға қыз алып қашу бойынша арыз түспеген.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода шымылдықтың артында жас қызға күшпен орамал тағып жатқан әйелдерді және той әндері айтылып жатқанын байқауға болады.

Видеода 16 жастағы қызды 35 жастағы жігіттің алып қашқаны жазылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Срочно!!! Бул каерде болуп жатат? Бироосун таанысанар бизге кабар берип койгула. Рахмат.

Публикация от @bespredelKGZ телеграм (@bezpredelkg) 7 Окт 2019 в 6:51 PDT

Қырғызстанда жаңадан қабылданған Қылмыстық кодекске сәйкес, қыз алып қашу бойынша жаза күшейтілген. Заң бойынша қызды еркінен тыс күштеп алып қашқан адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал жасөспірім қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызғандар 200 мың сом көлемінде айыппұл төлейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!