25 жастағы әйел бірден жеті бала босанды

14:50, 19 ақпан 2019
470

Ирактағы Дияла провинциясының тұрғыны бірден жеті нәрестені дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz, ria.ru агенттігіне сілтеме жасап.

"25 жастағы әйел табиғи жолмен жеті бала босанды – бір ұл мен алты қыз", – деп мәлімдеді Дияла провинциясы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің директоры Фарис әл-Изауи.

Дияла провинциясындағы әл-Баттул ауруханасының директоры Әли Шәриф Иракта мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, деді.

Фарис әл-Изауидің айтуынша, жас ананың денсаулығы да, нәрестелердің жағдайы да жақсы.

"Балалардың әке-шешесі отбасының бірден осылай көбейгеніне өте қуанышты, Жаратқанға өз ризашылықтарын білдіруде", – делінеді хабарламада.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!