56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

17:56, 8 қараша 2017

Анталия қаласының тұрғыны Гюллюшен Гюзель алғаш рет 56 жасында ана атанды, - деп жазады Stan.kz.

Гюллюшен Гюзельдің күйеуі 58 жаста. Ерлі-зайыптылар егіз баланың ата-анасы атанды.

Әйелдің егде жасына байланысты жүктілігі ауыр болған. Қысымы көтеріліп, үнемі ауруханада дәрігердің қарауында болды.

Ақырында жүктіліктің 34 апталығында кесір тілігі арқылы егіз сәби дүниеге келді. Оларға Шукрие Фатманур және Биляль Вейсел есімі берілді. Анасы сәбилерімен бірге 40 күн өткен соң перзентханадан шығарылды.

Фото: stan.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!