29 жастағы Дурсолтан Тағанова түркімен билігімен күресіп жүр

09:04, 28 қазан 2020

Түркімен билігі Түркияда тұратын белсенді, 29 жастағы Дурсолтан Тағанованың туыстарын оны сатқын деп мәлімдеме жасауға мәжбүрлеп жатыр.

Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі "Мемориал" құқық қорғау орталығы мен Хельсинкидегі Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қорға сілтеме жасап хабарлайды.

19 шілдеде Тағанованы 80-ге жуық отандасымен бірге Стамбұлдағы түркімен консулдығы алдында митинг өткізбек болған кезде, коронавирусқа байланысты карантин ережелерін бұзды деп ұстаған.

Түркия билігі оны еліне депортацияламақ болған. Бірақ бірдей 11 құқық қорғау ұйымы қарсы шыққаннан кейін, белсендіні 12 қазанда босатты.

Ал Түркіменстан билігі оған алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялады.

Құқық қорғаушылар Дурсолтанның 27 жастағы інісі Бабаджан Тағановты полиция бөлімшесіне шақырып, телефонын тексергенін айтады.

Белсендінің анасы Мейрамгүл Тағанова қызы әлеуметтік желі арқылы қарсылық білдіре бастағаннан күннен бастап туыстарына қысым бола бастағанын жеткізді.

Туыстарын тергеу кезінде олардан Дурсолтанды сатқын деп видеомәлімдеме жасауды талап еткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!