1 шілдеден бастап Түркияда комендаттық сағаттың күші жойылады

11:23, 22 маусым 2021
832

© Сурет: pixabay.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі бірқатар шектеулердің алынып тасталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Hurriyet газетінің хабарлауынша, Түркия жұмыс күндері сағат 22.00-ден бастап күшіне енетін коменданттық сағаттың, сондай-ақ жексенбідегі локдаунның күшін жойды.

1 шілдеден бастап қалааралық және қалалық қоғамдық көліктердің қатынасына жол ашылады.

Сәуір айында коронавирус инфекциясының жиілеуіне байланысты бұл елде тәулік бойғы коменданттық сағат енгізілді.

Пандемия басталғаннан бері Түркияда коронавирус инфекциясының 5 370 299 жағдайы анықталды, 49 185 адам қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!