49 ресейлік шенеунікке Латвия аумағына кіруге тыйым салынды

11:28, 23 ақпан 2018
327

Латвияның Сыртқы істер министрлігі сыбайлас жемқорлыққа, қаражат жымқыруға және адам құқықтарын бұзуға қатысы бар деп күдіктелген 49 ресейлік азаматтың ел аумағына кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Baq.kz Корреспондент.net сайтына сілтеме жасап.

Бұл адамдар Латвияда биылғы жыл басында күшіне енген "Магнитский заңы" негізінде "қара тізімге" кіргізілген болатын.

«Сеймнің (мемлекеттік биліктің жоғарғы органы, кейбір елдердегі сословиелік-өкілетті мекеме - автор) шешімі бойынша және «Иммиграция туралы» Заңға сәйкес, мен 49 адамның Латвия Республикасының аумағына кіруіне тыйым салдым. Мен осылайша адам құқықтарының қаншалықты маңызды екендігін білдіргім келеді», - деді Ринкевич.

Латвияның қара тізіміне енгізілген 49 ресейлік шенеуніктің ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Ресей Федерациясының тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин де бар.

Естеріңізге сала кетсек, 8-ақпанда Латвия Сеймі «Магнитскийдің тізімі» фигуранттарына қарсы санкциялар енгізуді мақұлдаған. Құжатта елге кіруге тыйым салынған тұлғалар көрсетілген болатын.

Латвия осындай заң қабылдаған алтыншы мемлекет болды. «Магнитский тізімі» бұған дейін АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Эстония және Литвада қабылданған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!