10 382 қонақ! Тойшыл қазақ дағыстандықтардан қалып қойды

12:32, 30 қыркүйек 2019
649

Дағыстанның Дербент қаласындағы Нарын-Қала стадионында өткен үйлену тойлары Гиннестің рекордтар кітабына енді. Көпұлтты өкілдің үйлену тойлары және қонақ саны жағынан олар осылайша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

- АХАЖ, сондай-ақ Дербент қаласының бүкіл тарихында мұндай елеулі оқиғаны бірінші рет болып тұр. 2019 жылдың 29 қыркүйегінде Дербент қаласы әкімшілігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің кітабына 16 ұлт өкілдерінің 24 жұбы бас қосқаны туралы тиісті деректер енгізілді. Ресей Федерациясының Отбасы кодексін басшылыққа ала отырып, мен бүгін шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың тіркелгендігін растаймын және оған қол қоямын, - деді Дербент әкімшілігінің тіркеу бөлімінің бастығы Татьяна Марченко.

Рекорд көрсеткішін Ресейдің рекордтар кітабының негізін қалаушы әрі оның бас редакторы, Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын өтініш бойынша өкілі Алексей Свистунов тіркеді.

- Бүгін мен 10 382 куәгердің көзінде екі бірдей ұлттық рекорд жаңартқанын жариялаймын. Біріншіден, 16 түрлі ұлт өкілі бар ең көпұлтты үйлену тойы болды, екіншіден, бұл оқиға ең көп қонақтар жиналған үйлену тойы ретінде тіркелді, яғни бұл тойға келушілердің саны - 10382 адам, - деді Свистунов.

Ол Дербент қаласының әкімі Хизри Абакаровқа Гиннестің рекордтар кітабына бекітілген куәлік тапсырды.

16 түрлі ұлт өкілі бар 24 жұптың ішіндегі ең жасы 19 жаста екен. Олар - Айдынбек Айдынбеков пен Камила Гезалова. Іс-шараны Дербент қаласының басшысы Хизри Абакаровтың бастамасымен қала әкімдігі ұйымдастырды.

Дербент - Ресейдегі және әлемдегі ең ежелгі қалалардың бірі. Қазіргі уақытта Дербент халқы 120 мыңнан асады. Көлемі бойынша Дағыстандағы екінші қала. Мұнда жыл сайын ондаған мың туристер ат басын тірейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!