8 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

10:15, 6 желтоқсан 2017

Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан, Солтүстік Корея және Венесуэла азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Астана арнасы.

Құрама Штаттардың жоғарғы соты бұны заңды деп таныған. Сол-ақ екен, Ақ үй алдына жүздеген адам жиналып, бұл тыйымға қарсылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Америка басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен кезде, аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа 90 күнге дейін кіруге болмайды деген үкім шығарды. Алайда сол кезде федералды соттар Трамптың бұл шешімін жүзеге асыруға рұқсат бермеді.

Қыркүйек айында бұл тізімге Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад қосылды. Трамптың пікірінше, бұл шектеулерді ол америкалықтардың қауіпсіздігі үшін енгізіп отыр.

Өйткені мигранттар арасында қарақшылар мен қылмыскерлер көп деді.

Ақ үй басшысы тіпті Америка мен Мексика арасына алып қабырға орнатуды тапсырды. Ал құқық қорғаушылар бұл үкім адамдардың құқына қарама-қайшы деп отыр.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!