Жәнібектің есесін Тұрсынбай қайтарды

10:59, 19 мамыр 2017

Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында боксшы Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Отандасымыз финалда шаршы алаң иесі Камран Шахсуварлыны жеңді.

Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы осал емес еді. Әзірбайжан боксшысы Риодағы Олимпиада ойындарында отандасымыз Жәнібек Әлімханұлын жеңіп, қола жүлдегер атанған-ды. Сол кеткен есені Тұрсынбай Құлахмет қайтарды. Қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңді.

Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақ боксшылары 2 алтын 3 қола медаль жеңіп алды. Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) пен Азат Махметов (52 келі) жеңімпаз атанса, Сұлтан Зауырбек (60 келі), Қуан Қуатов (64 келі) пен Илья Очкин (69 келі) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды.

♦1. Әзірбайжан - 3 алтын, 3 күміс, 1 қола 

♦2. Өзбекстан - 3 алтын, 2 қола

♦3. Қазақстан - 2 алтын, 3 қола

♦4. Сирия, Түркіменстан - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола

♦6. Ирак - 2 күміс

♦7. Марокко - 1 күміс, 3 қола

♦8. Египет - 1 күміс, 1 қола

♦9. Түркия - 1 күміс

♦10. Йордания - 3 қола  

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!