Жапон боксшысы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.
«Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді. Екеуіміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты. Орта салмақта мықты боксшылар көп. Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын», – деді боксшы.
Айта кетейік, Риота Мурата мен Хассан Н'Дам Н'Жикам арасындағы бірінші жекпе-жекте камерундық боксшы жеңіске жеткен еді. Кейіннен сол кездесуде төреші болған Густаво Падилья мен Хьюберт Эрл Хассан Н'Дам Н'Жикамға жеңісті бергені үшін 6 айға жұмысынан шеттетілген болатын.
Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды