Жақиянов P4P рейтингінде Шүменовтен озды

13:48, 13 ақпан 2017
369

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) Boxrec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамай тізетін боксшылардың әлемдік рейтингінде жоғары көтерілді. 

Еске сала кетейік, өткен аптаның соңында Жақиянов АҚШ жерінде Роуши Уорренмен кездесіп, 12 раундтан кейін төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді. 

Осылайша ол Boxrec.com порталы тізген рейтингте қазақстандық боксшылар арасында Шүменовты бір саты төмен түсіріп, екінші орынға көтеріліпті. 

Ал тізімнің көш басында орта салмақтағы WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин жайғасқан. 

Үздік ондықтың ішінде бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев (18-0, 13 КО), Қанат Ислам (22-0, 18 КО - бірінші жартылай орта салмақ), Жанкош Тұраров (20-0, 14 КО), Бахтияр Эюбов (11-0, 11 КО - жартылай орта салмақ), Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО - жартылай орта салмақ), Александр Журавский (13-2, 11 КО - жартылай орта салмақ) және Бекман Сойлыбаев (9-0, 4 КО - екінші орта салмақ) секілді боксшылар бар. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!