Зарина Дияс Токио турнирінде топ жарды

14:08, 17 қыркүйек 2017

Әлемнің 100-ракеткасы қазақстандық Зарина Дияс халықаралық Токио турнирінің жеңімпазы атанды.

Зарина финалдық бәсекенің бірінші партиясында әлемдік рейтингте 171-орында тұрған қарсыласы жапониялық Мию Катодан 6:2 есебімен басым түсті. Екінші партия әлдеқайда тартысты өрбіді. Есеп 5:5 кезінде қазақстандық теннисші брейк жасап, алға шықты. Бұдан кейін Зарина өз геймін бермей, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды. 

Бұл – Заринаның спорттық жолындағы WTA турниріндегі алғашқы жеңісі. Ол осыған дейін 2014 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен халықаралық турнирде австралиялық теннисші Саманта Стосурға финалда есе жіберген болатын. 

Еске сала кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры 226 750 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!