Зарина Дияс Манчестер турнирінде жеңіске жетті

20:40, 18 маусым 2017

Қазақстандық Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында мәреге жеткен ITF турнирінде жеңімпаз атанды.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды. Әлемнің 207-ракеткасы З.Дияс финалда дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған сербиялық Александра Круничті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп Зарина жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болатын Манчестер турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді. 

Еске сала кетейік, Зарина жартылай финалда әлемнің 115-ракеткасы ұлыбританиялық Наоми Брэдиді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Кезінде З.Дияс көп ұзамай басталатын «Үлкен дулыға» жарысының бірі Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткен еді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!